Енді Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге бірденжеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Еліміздің ІІМ жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Мұндай ақпарат Polisia.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осыған дейін бала дүниеге келгенде ЖСН бірден берілмейтін. Ол үшін ата-аналар туу туралы куәлікалуға өтініш тастап, құжатты күтетін еді. Бұрынғы жүйе бойынша АХАТ органы алдымен сәбидің аты-жөнін көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туутуралы актілік жазбаны тіркейтін. Бұдан соң барыпқана ЖСН жасалып, қолға туу туралы куәлік табысталып жүрді. Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды. Осының негізінде баланың ЖСН-ы қалыптасады.
«Бұл арқылы ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызметтер автоматты түрде көрсетіледі. Олар: бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу; бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем», — делінген ресми ақпаратта.
Шақалақтың анасына баланың тегі, аты және әкесініңаты туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Оған 3 күн ішінде жауап беру керек. Одан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.
Тағы оқыңыз: Бастауыш сынып оқушыларына шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады