2024 жылы Петропавлда автобус паркі 88 пайызға жаңаланады

Биыл Петропавлдағы автобус паркі жаңа көліктермеен толығады.  Бұл жоспармен облыс әкімі Ғауез Торсанұлы халықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазіргі кезде облыс орталығында 100 жаңа автобус жолаушыларды тасымалдап жүр. Бұл бағытта жұмыстарды жалғастыру керек. Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңалау бағдарламасы аясында  «Kyzylzhar Buses» серіктестігі «Dongfeng» маркалы 10 автобус сатып алды. 2024 жылдың екінші жартысында тағы 10 көлік алу жоспарланып отыр», -деді облыс әкімі.

Оған қоса, «Солтүстік»  ӘКК  арқылы тағы қосымша 30 автобус алу жоспарда тұр екен. Осылайша техника паркі 88 пайызға жаңарады.

Осыған дейін редакция Петропавл қаласында автобус паркі 5 жаңа көлікпен толыққанын жазған болатын. Олар 31-ші бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдап жүр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары үш айдан бері ыстық сусыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x