11 наурыз күні қасиетті Рамазан айы басталады

11 наурыз күні мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр. Мұсылмандардың мейрамы Ораза айт 10 сәуірге белгіленсе, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

10-шы наурыз күні кешкі «Ақшам» намазынан кейін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні басталады. 11 наурыздан бастап барлық ауыз бектуге ниет еткен мұсылмандар ораза ұстайды. Қасиетті айда өңіріміздегі барлық мешітте ауыз ашар асы беріліп, тарауық намазы оқылады. Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

«Ауыз бекітіп, ораза ұстауға ниет қылған адамдар үшін бұл қуаныш, шаттық айы. Қасиетті айда туған-туыстарымызды, бауырларымызды дастархан басына жинап, бір-бірімізге мейірімідлк көрсететін ай. Бұл құлшылық айы. Тек таңнан кешке дейін тамақтан тиылу емес, нәпсімізге қарсы келіп, өз бойымыздағы кемшіліктен арылатын ай. Ауыз бекітуге ниет етіп отырған барша мұсылман қауымына ниеттеріңіз қабыл болсын дегім келеді», — деді СҚО бас имамы Хамзат Әділбеков.

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі көктемгі су тасқынына дайындықты тексеріп жүр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x