Өрттің алдын алу шаралары күшейтіледі

ҚР Үкіметі тілсіз жаудың алдын алу шараларын күшейтпек ниетте. Жаңа қаулыға сәйкес өртті дереу сөндіруге арналған су шашу құрылғыларын сатып алу үшін 623 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. Құрылылғы 5 тонна суды небәрі 10-15 секундта жинап, 6 секунд ішінде ағызады. Яғни, отты тез арада ауыздықтауға мүмкіндік бермек.

«Құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау және т.б. ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады. Жалпы, аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді», — деп жариялады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «АНА ҮЙІНЕН» 5 келіншек пана тапқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x