Ұлттық тестілеу орталығы өзгерістер жайында хабарлама жасады. 2024 жылдан ҰБТ-да екі пән бойынша шекті балл төмендейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шекті балл «математикалық сауаттылық» және «оқу сауаттылығы»пәндері бойынша үш баллға дейін төмендетілген. Бұрын осы пәндер бойынша кемінде 5 балл жинау қажет болатын.
Мамандар тестілеу форматы өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни 5 пән, оның үшеуі міндетті де екеуі бейінді.
Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, 10 балл, шекті балл – 3.
Оқу сауаттылығы — 10 тапсырма, 10 балл, шекті балл – 3.
Қазақстан тарихы-20 тапсырма, 20 балл, шекті балл – 5.
1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Осыған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тест тапсырмаларының саны өзгеретінін айтқан болатын.
«Бейіндік пәндердегі тапсырмалардың жаңа түрі қосылады және тестілеу уақыты қысқарады»,-деген еді министр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да су желілерінің 63 пайызы әбден тозған