Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында балалардың жеке жинақтау шоттарына қаржы аударылып жатыр. Бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Қаражат балалардың тұрғылықты жеріне, отбасының табысына немесе ата-анасының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең мөлшерде есептеледі, деп жазады Qazaqstan Meddia.

Қаржыландыру көзі – Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы. Бұл қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы балалардың жеке мақсатты жинақтау шоттарына аударылады және 18 жасқа толғанға дейін пайдалануға болмайды. Бір балаға есептелген сома:

  • 2024 жылы – 100,52 АҚШ доллары

  • 2025 жылы – 129,38 АҚШ доллары

  • 2026 жылы – 130,71 АҚШ доллары

Нәтижесінде бағдарламаға үш жыл қатарынан қатысып келе жатқан бір баланың жинағы инвестициялық табысты қоса алғанда 370,56 АҚШ долларын құрады.

Қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін екі мақсатта пайдалануға болады:

  • тұрғын үй жағдайларын жақсарту;

  • Қазақстанда немесе шетелде оқу ақысын төлеу.

Ақша қолма-қол берілмейді – ол уәкілетті оператор арқылы тікелей банкке немесе оқу ұйымына аударылады. Қаражатты толық немесе ішінара пайдалану мүмкін.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • мақсатты жинақтарды пайдалану жөніндегі 205 505 өтініш орындалған;

  • жалпы аударылған сома 31,61 млн АҚШ долларынан асты;

  • оның ішінде 19,69 млн доллар – тұрғын үйге, 11,92 млн доллар – білім алуға бағытталған.

2026 жылы 356 613 қазақстандық 18 жасқа толып, өз жинақтарын пайдалану құқығына ие болады.

Балаларға есептелген қаражат туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталы мен kids.enpf.kz сайтынан көре алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкерлер мен маркетологтарға кәсіптерін қалай дөңгелету қажеттігі түсіндірілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *