ҰБТ тапсыратын ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге керек болған жағдайда пән мұғалімінің орнына көмекшілер ұсынылады. Маңызды тестілеуде мектеп бітіруші түлектерге қандай жеңілдік жасалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі түлектерге ҰБТ тапсыру барынша ыңғайлы болу үшін түрлі шараларды қолданып келеді. Соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар ұл-қыздарға ерекше көңіл бөлінуде. Қолға алынған жұмыстардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді.
«Егер 2021 жылы ҰБТ — ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500-ге жетті. Өткен жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сынақты тапсыру уақытын 40 минутқа ұзарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді», — дейді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Егер қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі түлектерге тестілеуде пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.
Тағы оқыңыз: 53 жыл жөндеу көрмеген интернат қалыпқа келтіріліп жатыр