«Қызылжар жастары» бағдарламасы: Баспана аламын дегендерге 15 млн теңгеге дейін несие беріледі

Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар жастары» бағдарламасы іске қосылды. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, өңірде 15 пен 35 жас аралығындағы 134 244 адам тұрады. Бұл облыс халқының 25%-дан астамы. Алайда соңғы жылдары  өңірде қалып жұмыс істегісі келетін жастардың саны азайған. Мәселен, 2012 жылдың басында 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 129 431 болса, 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 97 047 адамды құраған. Яғни, 10 жылда облыстан 32 мыңға жуық адам көшіп кеткен.

«Облыстан жастардың көшіп кетуінің бірден-бір себебі ол – тұрақты жұмыстың және баспананың болмауы. Сол себепті де, 2024-2029 жылдарға арналған «Қызылжар жастары» әлеуметтік бағдарламасы іске қосылмақ. Оның негізгі бағыты жастарды, әсіресе жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету», — деді облыстық әкімдік мамандары.

Бағдарламаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Петропавл қаласында тұратын жастарға 15 миллион теңгеге дейін, ал  облыс аудандарының тұрғындарына  10 миллион теңгеге дейін бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға несие беру көзделген. Бағдарламаға Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жыл ішінде тұрақты тіркелген Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесу барысында «Қызылжар жастары» бағдарламасының іске қосылғандығын айтқан болатын. Және оған қандай салада еңбек ететін жастар қатыса алатындығын айтып өткен еді.

Тағы оқыңыз:Жаяу жүргіншілер жолын тазартудың жаңа әдісі петропавлдықтардың көңілінен шықпады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x