Тасыған өзен суы «Қызылжар су» ЖШС аумағына да жетіп, Петропавл қаласының тұрғындары таза ауызсусыз қалуы мүмкін. Қазір әлеуметті желіде осындай хабарламалар таратылуда. Бүгін бұл ақпаратты кәсіпорын мамандары жоққа шығарды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
«Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытовтың айтуынша, кәсіпорын аумағында бөгет бар. Ол 2017 жылғы су тасқынына шыдас беріпті. Биыл оны мамандар биіктетіп, нығайтқан.
«Қазір түрлі мессенджерлерде су болмайды, су қорынжинап алыңдар деген ақпарат таралып жатыр. «Қызылжар су» мекемесінің мамандары үлкен жұмысатқарып жатыр. 2017 жылы біз бірінші насос станциясы маңындағы бөгетті салған едік. Биыл оны биіктеттік, нығайттық. Сондықтан ресми ақпаратқасеніңіздер. Сонымен қатар, мамандар күн сайын, сағатсайын судың сынамасын алып отырады», — дейдіАрман Сауытов.
Тағы оқыңыз:Эвакуациядан бас тартқандарға заң бойынша айыппұл салынады