Солтүстік Қазақстанда өрттен баспана жанып кетті. Тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды деген болжам жасалып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Үйдің өртену фактісі Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылында тіркелді. 29-шы мамырдан 30 мамырға қараған түні ауылдағы Конституция көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде от шыққан.

Өрт сөндірушілер отқа оранған баспанадан газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Өрттің нақты себебі мен келген шығын көлемі анықталуда.

Әлеуметтік желіде белгілі болғандай, тілсіз жау жас отбасының баспанасыз қалдырған. Қазіргі кезде олар үш бала тәрбиелеп, төртінші сәбиін күтіп жүр. Отбасы қиын жағдайда қалғандықтан, көпшіліктен көмек сұрап, instagram желісінде пост жариялады.

Тағы оқыңыз: Тайыншалық жасөспірім үздік ауыл оқушысы атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *