Келесі жылы Қызылжар ауданының орталығында «Дін мен дәстүр» орталығы ашылады. Жүсіп Жұмағұлов пен еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы тұрғындарды рухани құндылықтарға баулитын нысанның алғашқы кірпішін қалады, деп хабарлады Qazaqstan Media.
Қызылжар ауданында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. 2026 Қызылжар ауданының орталығында «Дін мен дәстүр» орталығы ашылады. Қасиетті жұма күні облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов пен еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы тұрғындарды рухани құндылықтарға баулитын нысанның алғашқы кірпішін қалады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы 4 бағытты қамтиды. Алдағы уақытта ғимараттың ішінде түрлі тіл орталықтарын ашамыз. Басты мақсатымыз — жастарды түзу жолға салу. Білім де саналы ұрпақ тәрбиелеу», — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Тағанұлы.
Орталық жомарт кәсіпкерлердің қолдауымен салынады. Нысанның жалпы аумағы 2300 шаршы метр болмақ. Ғимаратқа бір мезетте 100 адам келіп, тәлім алады.
Орталықты салудағы басты мақсат — иманды, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар, қазақ даласынан шыққан ұлы тұлғалардың өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Бескөлдік аға буын өкілдері ауылда дін мен дәстүрімізді жаңғыртатын нысанның ашылатынына дән риза.
«Дін мен дәстүр»орталығында 20-ға жуық бөлме болады. Сонымен қатар, медициналық кабинет пен асхана да жұмыс істемек.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам ауылдасының үйін қасақана өртеп кеткен

