Петропавлда Есіл өзенінің суы  соңғы екі сағатта екі сантиметрге көтерілді. 25-ші сәуірдегі сағат 14.00 шамасында  1142 см құрады. Қазіргі кезде Тепличное ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданған, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлда су тасқыны жағдайы билік өкілдерінің жіті бақылауында болғанымен,  одан қауіп сейілмей тұр. Сәуірдің 24-нен 25-не қараған түні Қызылжар ауданына қарасты Тепличное және Прибрежное ауылдарын судан аман алып қалу шаралары күшейтілді. Әскерилер, құтқарушылар, еріктілер және тұрғындардың барлығы елдімекендерде салынған бөгеттерді нығайтты.

 Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр
Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр

«Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты екі кезеңде жұмыс істеп жатыр. Олар қаптарды инертті материалдармен толтырып, бөгетті нығайтуда»,- деп хабарлады ҰҰ академиясының баспасөз қызметі.

Құм толтырылған қаптарды тасып, тілсіз жаудың жолын бөгеуге тырысып бағуда. 2024 жылғы тасқын судан кейін тұрғындарда үміттен гөрі үрей басым. Олар былтырғы су басқан баспаналарын енді жөндеп, тұрмыстарын түзеген кезде тағы да су баса ма деп қорқады.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды. Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады. Қосымша ақпарат алу үшін 87153821201 нөміріне хабарласуыңызға болады»,- деп жазылған СҚО әкімдігі таратқан хабарламада.

Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды. Ол  Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақхана. Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде.

Прибрежное ауылына апарар жол бірнеше күннен бері судың астында қалған. Тұрғындар қала екі ортаға арнайы техникамен қатынасып жүр.  Осындай жағдай Заречный кентінде де орын алды.

 Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр
Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр

Петропавлдағы жағдай да тұрақсыз. Өзен суы сағат сайын көтеріліп жатыр. Облыс орталығында да құм салынған қаптардан бөгет жасау шаралары қолға алынған.  Сонымен қатар, қажетті техника да жұмылдырылған.

Сондай-ақ,  тілсіз жауға тосқауыл жасап жатқан жандарға жергілікті үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, ыстық тамақ ұйымдастырды.

 Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр
Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі жігіт шаруа қожалығынан асыл тұқымды 50 бұзау ұрлаған    

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *