Қыркүйек айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер күні жоқ. Бірақ, бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар күздің алғашқы айында 9 күн демалады. Ал, сенбі күні де жұмысқа шығатын азаматтар алдағы айда 5 күн демалатын болады. Мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер болмағанымен, қыркүйекте бінеше кәсіби мереке бар:
Білім күні – 1 қыркүйек. Айдың бірінші жексенбісі — Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні. Ал, Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі. Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек. 28-ші қыркүйек — Атом саласы қызметкерлері күні. Әділет органдары қызметкерлері төл мерекелерін 30-шы қыркүейкте атап өтеді. Машина жасаушы күні және Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 655 жаңа медициналық мекеме салынады