Қозыбаев университетінде инновациялық күкірт-полимерлік технологияларды дамыту бойынша бірлескен жобасы жасалады. Оны Аризона университетінің профессоры Джеффри Пьюн мен постдокторант Шамиль Саиев келіп таныстырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Профессор Пьюн Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Оның сапары — жаңа материалдар мен күкіртті қайта өңдеу саласындағы бірлескен зерттеу жобасымен байланысты. Кездесуде ғалымдар күкіртті өңдеудің жаңа әдістерін ұсынып, оның энергия үнемдеу мен экологиялық тиімділігіне тоқталды.

Қозыбаев университетінде күкірт-полимер технологияларын дамыту жобасы таныстырылды
Қозыбаев университетінде күкірт-полимер технологияларын дамыту жобасы таныстырылды

«Қазақстан үшін бұл экономикалық тұрғыдан маңызды жоба. Себебі мұнай-газ саласының қосалқы өнімі болып табылатын күкірт қазір негізінен шикізат түрінде экспортталады. Ал біздің технология оны жаңа инновациялық өнімдерге айналдыруға мүмкіндік береді», – деді профессор Джеффри Пьюн.

Ғалым әзірлеген кері вулканизация технологиясы балқытылған күкіртті жоғары құнды өнімдерге — инфрақызыл линзаларға, литий-күкірт аккумуляторларының компоненттеріне, коррозияға қарсы жабындарға және тыңайтқыштарға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл технология 11 патентпен қорғалған және 70-тен астам ғылыми басылымда сипатталған.

Қазақстан жылына 4,3 млн тонна элементарлы күкірт өндіреді және әлем бойынша жетінші орында. Алайда, оның шамадан тыс жиналуы экологиялық қатер тудырады. Сондықтан өңдеуді тереңдету және жоғары қосылған құнды өнімдерге көшу өзекті.

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиясына сәйкес, біз аймақтық университеттен зерттеу университетіне айналып келеміз. Қазір профессор Пьюн командасымен бірге техникалық сипаттамаларды дайындап, шамамен 4 млрд теңгелік мегагрантқа қатысуға дайындалып жатырмыз», – деді Қозыбаев университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Ербол Исақаев.

Жоба үш бағытта жүзеге асырылмақ. Ол күкірттен жоғары технологиялық пластмассалар өндіру;

инновациялық тыңайтқыштар әзірлеу; кен қалдықтарынан бағалы металдарды алу үшін күкіртті пайдалану.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Ухабов көшесіндегі өрттен зейнеткер зардап шекті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *