Қоныс аударушыларға үй алу үшін 4 млн теңге беріледі

Солтүстікке жұмыс күші басым өңірлерден қоныс аударатын жандарға үй алу үшін алғашқы жарна ретінде 4 млн теңге берілетін болады. Бұл туралы облысымызға келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, туған жерін тастап теріскейге қоныс аударған жандарды ең алдымен баспана және жұмыспен қамту қажет. Өйткені, жағдай жасалмаса, қоныс аударғандар қайтадан көшіп кетіп жатыр. Ондай жағдайлар СҚО-да да тіркелген. Сондықтан алдағы уақытта оңтүстік өңірлерден көшіп келетін азаматтарға тұрғын үй алу үшін 4 млн теңгенің сертификаты берілмек.

Қоныс аударушыларға үй алу үшін 4 млн теңге беріледі

Қоныс аударушыларға үй алу үшін 4 млн теңге беріледі
Қоныс аударушыларға үй алу үшін 4 млн теңге беріледі

«Бүгін қоныс аударып келген азаматтармен кездестім. Петропавлдағы трансформатор шығаратын зауыт жұмысшыларының көбі оңтүстіктен келген екен. Алатын жалақылары жақсы. Оларға деп көпқабатты үй салынған. Өз кезегінде қоныс аударушыларға үкімет үй алуға не жалдауға субсидия төлеп жатыр. Көтермеақы беріледі. Ендігі кезекте көшіп келетіндерге үй алу үшін алғашқы жарнаға деп 4 млн теңгеге дейін сертификат беру көзделіп отыр», -деді Ақмәди Сарбасов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тектеріне «-ов»,«-ев» немесе «-ова», «-ева» жалғайтындар саны азайған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x