Қазақстанда киіктердің саны төрт миллионнан асып, ауыл шаруашылығына айтарлықтай қиындық туғызып отыр. Осыған байланысты Мәжілісте ғалымдар мен депутаттар жануарлар санын реттеу мәселесін көтерді. Олар киік етін сатып, ел бюджетіне пайда әкелуге болатынын айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Мәжіліс отырысында айтылған ұсынысқа сәйкес, киіктердің жыл сайын 20 пайызынан миллиардтаған доллар табыс табуға болады. Ғалымдар аңшылық лицензияларын сату арқылы жылына 500 миллион доллар көлемінде кіріс түседі, дейді. Алайда, қазіргі заңнама киікті аулауға тыйым салады. Себебі, олар Қызыл кітапқа енген және ерекше қорғаудағы жануарлар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің малмен бір өрісте жайылуы аурулардың таралу қаупін арттыратынын ескертуде. Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев мәселені шешу үшін нақты мерзім белгілеуді ұсынды.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен ғылыми ұйымдарға екі апта уақыт берілсін. Осы мерзім ішінде киік санын реттеу бойынша ғылыми негіздеме дайындалып, оны іске асырудың нақты жоспары жасалуы керек», — дейді Серік Егізбаев.

Киік төлдеп жатқандықтан, күзге дейін оларды атуға тыйым сақталады. Депутаттар заңға өзгерістер енгізілгенше бұл жұмыстың барлық қырын жан-жақты зерттеу қажеттігін алға тартты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үздік патрульдік полицей анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *