Елімізде тамыз айында өтетін ҰБТ-да бақ сынау үшін өтініш қабылдау науқаны басталды. Талапкерлер кезекті тестілеуге қатысу өтінімін 25-шы шілде пен 5-ші тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жолдай алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Түлектер маңызды сынақ өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады. Бұл емтихан бұған дейінгі тестілеулерде шекті балл жинай алмаған жастарға тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу мүмкіндігін сыйлайды. Оған биылғы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері мен қандастар қатыса алады.

Айта кету керек, тестілеудің өзі тамыздың 10-ы мен 14-і күндері өтеді.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университеті 3,27 млрд теңге көлемінде гранттық қаржыландыруға ие болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *