Қазақстанда сауда нүктелерінде таразыларды міндетті тексеру енгізілді. Ол өлшеу құралдарының метрологиялық талаптарға сәйкестігін растайды, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа тілшісі.
Бұл сатып алушылардың алданып қалмауы үшін, нақты тауар салмағына ғана төлем жасауы үшін енгізілді, дейді сауда министрлігіндегілер.
«Енді әрбір сауда объектісінде орналасқан таразылар тексерушілердің бақылауынан өтетін болады. Мұндай зертханалар елдің барлық облыстарында бар. Тексеріс жыл сайын ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.
Бұрын мұндай талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшеу құралдарына қатысты болған. Енді таразы да қосылды. Егер таразыда тексеру кезінде бұзушылықтар табылмаса оларға арнайы таңба қойылады, әйтпесе өлшеу құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Бұл жаңашылдық ауылшаруашылық жәрмеңкелері кезінде қолданылмайды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды