Қазақстанда балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен елімізде ұл-қыздарға қол көтеруге заңмен тыйым салуды ұсынды. Ол халық арасында қалыптасып қалған әлеуметтік нормаларды өзгерту қажеттігін алға тартып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Артур Ван Дизен балаға ұрыспай, қол көтермей-ақ тәрбиелеуге болады деген пікірде. Осыны ата-аналарға жеткізу үшін арнайы коммуникациялық ұйым керек дейді.

«Біз балалардың соққы жеп, зорлық-зомбылыққа ұшырауына жол бермеуіміз қажет. Бүгіндері бірқатар елдер осы қағиданы ұстанған. Мәселен, 65 мемлекет ұл-қыздарға дене жарақатын салуға заңмен тыйым салды. Ал 27 ел осы бағытқа көшуді жоспарлап отыр. Олардың ішінде Қазақстанның көршілері де бар. Сол себепті, отбaсында да, oтбaсынан тыс жерлердe де денe жарақaтына тыйым сaлу маңызды бoлып отыp», — деді балалар қорының өкілі.

Тағы оқыңыз: 53 жастағы петропавлдық зейнеткерлерді қолөнер бұйымдарын жасауға үйретіп жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x