Елімізде балалар SIM-картасы пайда болуы мүмкін. Ол балғындардың қандай интернет ресурстарға кіретінін бақылау үшін жасалып отырған шара, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мұндай бастаманы Оқу-ағарту министрлігі көтерген. Олар идея ата-аналар тарапынан да қолдауға ие болатындығына сенімді. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында вице-министр Еділ Оспан айтты.
«Біз балалар SIM-картасын, яғни ата-аналардың бақылауында болатын балаларға арналған жеке SIM-картаны енгізуді ұсынып отырмыз. Егер бала осы SIM-карта арқылы Интернетке қосылса, онда ата-ананың рұқсаты қажет болады. Бұл баланы бақылау: ол қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады. Тағы бір мәселе — ата-аналар Интернет уақытын шектей алады. Өйткені балалар кешке дейін Интернетте отырады. Біз мұны балалардың қауіпсіздігін ойлайтын оқу-ағарту министрлігі ретінде ұсынамыз», — деді Еділ Оспан.
Тағы оқыңыз: Биыл облыста егістік алқабының аумағы 4,5 млн гектарды құрамақ