тәрбиешілердің жалақыссы өседі

1 қыркүйектен бастап елімізде балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы өспек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзету жобасын әзірледі. Оған сай, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін педагогтердің айлығын есептеуде 1,3 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қолданылады. 

Бұл өзгерістер Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен жалақысын өсіру мақсатында әзірленген. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 27 млн теңгеден астам қаржы керек. Айта кетсек, құжат ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін «Ашық НҚА» порталына қоғамдық талқылауға шығарылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы сепаратистік ұйымның 3 белсендісі 2 айға қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x