[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/c8535437-c479-4576-8343-a30bfb24c1df-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Елімізде 250-ден астам ауылды қызыл су басуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметте көктемгі тасқынға қарсы шараларды баяндаған Төтенше жағдайлар министрі айтты, деп хабаралайды Qazaqstan Media тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, су басу қауіпі бар елді мекендер саны 255-ті құрайды. Ауылдарда тұратын 700 мыңға жуық адамды қорғау үшін жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Соған қарамастан кейбір әкімдіктердің көктемгі тасқынға дайындығы көңіл көншітпейді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов болса жергілікті атқарушы органдарға табиғат апатына қарсы бірқатар іс-шараларды іске асыруға тапсырма берді.

«Арықтарды, нөсер кәріздерін тазартып, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салу қажет. Индустрия министрі мен өңір әкімдері жолдарды, көпірлерді, су өткізу құрылыстарын бекіту жұмыстарын жалғастырсын», – дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Ал, СҚО-да 85 елді мекенді су басуы мүмкін. Әсіресе, Ғабит Мүсірепов, Ақжар, Тайынша және Мамлют аударында қауіп жоғары. Облыс құтқарушылары тасқынның алдын алу мақсатында бірқатар шараны қолға алды. 15 мың тоннадан астам инертті материал әзірленді. Сонымен қатар, Су тасқыны бола қалса, жедел әрекет ету мақсатында құтқарушылар, Ұлттық ұлан және полиция өкілдерінен арнайы топтар құрылды. 2 мыңға жуық адам мен 1300 техника дайын.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x