Қазақстанда 2025 жылға қарай суперкомпьютерлер іске қосылады

Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы бекітіледі. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Тұжырымдаманы әзірлеуге ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бекітілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жоба аясында Қазақстанда 2025 жылға қарай суперкомпьютерлер іске қосылады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы сияқты бірқатар стратегиялық құжаттарда жасанды интеллект бағыты бойынша кейбір міндеттер мен іс-шаралар айқындалған»,  – делінген хабарламада.

Жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесі 2029 жылға қарай 20%-ға өседі.

Айта кетейік, жасанды интеллект бойынша сертификат беретін оқыту курсын әзірлеу жоспарланған. Ол ашық әрі қолжетімді болады. Сондай-ақ 2029 жылға қарай Қазақстанда 80 мың адам жасанды интеллект бойынша білім алуы қажет.

Нейрондық желілерге негізделген ұлттық тіл моделін әзірлеп және енгізу тұжырымдамадағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Оның ішінде:

Ұлттық тіл моделін іске асыру жасанды интеллект бойынша түрлі жобаларда қазақ тілін қолдануға мүмкіндік береді;

Шетелдік сервистерге тәуелділікті азайтады;

Цифрлық ортада өз мәдениеті мен құндылықтарын сақтауға ықпал етеді;

Бір тілдік топқа кіретін тілдік модельді дамытуға серпін береді. Сонымен қатар жасанды интеллект eGov-қа енгізіледі.

«Жасанды интеллекті енгізу бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтін GPT чаттың қазақстандық аналогын жасау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Мусин. 

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы көпсалалы аурухана 2025 жылы пайдалануға беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x