ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипін жариялады,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қорғаныс министрлігі суретті Telegram каналында жариялаған. Онда «Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 80-жылдығына арналған ресми логотипі», деп жазылған.

Айта кету керек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында   әскери парад өтетінін айтқан болатын. Ол — 7 мамырда Астанада ұйымдастырылады. Бұл шара үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – тарихи кезең, екіншісі – заманауи кезең, үшінші кезеңі – әуе шеруі. Әскери парадта жаңа техника көрсетіледі. Шеруге шамамен 4,5 мың адам қатысады. Оған 2,5 млрд теңге ақша бөлініп отыр.

Сонымен қатар, үкімет Жеңіс күніне дайындық және мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспарын бекітті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда кәріз құбырын жөндеп жатқан бес жұмысшы зардап шекті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *