2025 жылғы 9-шы сәуірде ауыл шаруашылығы министрінің тауық жұмыртқаларын ел аумағына әкелуге тыйым салу туралы бұйрығы күшіне енді.  Енді Қазақстанға барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен алты ай бойы жұмыртқа импорттауға болмайды, деп жазады Qazaqstan Media АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қолға алынған.

«Осы уақыт аралығында жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалуда, бұл нарықтың қажеттіліктерін отандық өндіріс пен үй шаруашылығы өнімдері толықтай жаба алатындығын көрсетеді. Алайда, бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етіп, жұмыртқа бағасының төмендеуіне алып келеді. Бағаның өзіндік құнынан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне кері әсерін тигізеді», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жұмыртқаның сақтау мерзімі қысқарады, ал технологиялық ерекшеліктерге байланысты өндіріс көлемі азаймайды. Бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына себеп болуы мүмкін. Бұйрық 2025 жылдың 9 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда бір апта ішінде 11 адамды кене шаққан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *