Петропавлда үйінде қарасора өсірген екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Олар зиянды шөптің тұқымын тапсырыс арқылы алдыртқан, деп жазады Qazaqstan Media.

33 жастағы  Евгений Зюзин 2024 жылдығ қыркүйегінде интернет арқылы қарасораның бес тұқымына тапысырс береді. Оны жеткізу қызметі арқылы алып, қазан айында төрт тұқымды үйінде егіп, өсіре бастайды.

«Өсімдіктердің өсуін қамтамасыз ету үшін Е.В. Зюзин қажетті жағдайлар жасады. Атап айтқанда, Өсімдіктердің өсуіне ықпал еткен жарықдиодты шамдармен жасанды жарықтандыруды ұйымдастырды. Топырақты күту үшін арнайы тыңайтқыштарды қолданды», -деп жазылған қылмыстық іс беттерінде.

Сот алдында жауап берген азамат өз кінәсін мойындады. Ол өз кезегінде айыппұл салынса төлейтін ақшасының жоқтығын алға тартып, өзін алты- сегіз айға қамауға алуды өтінді. Сот төрағасы істі жан-жақты саралай келе, Евгений Зюзинді ҚР ҚК 300 бабы бірінші тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны  бір жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта қаралған екінші іс те осыған ұқсас. Владимир Васильев есімді азамат 2024 жылдың қараша айында интернет арқылы  алған. Алынған тұқымды ол пәтерінде алдын-ала дайындалған ыдыстарға егіп, күтеді. Баспанасын зертхана айналдырған азамат 195 грамм есірткі затын өсірген. Оның өсімдікке деген құштарлығын тәртіп сақшылары анықтап, іс қозғады.  39 жастағы қала тұрғыны Интернационал көшесіндегі пәтерде марихуана өсіргенін жасырмай, мойындаған. Сот оған 786 мың теңгеден артық айыппұл төлеуі тиіс деген, үкім шығарды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2025 жылы мәдениет объектілерін жөндеуге немесе салуға демеушілік қаражат бөлінбеген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *