Ертең Горький көшесін жөндеу жұмыстарына байланысты Ысмайылов пен Труд көшелерінің аумағы жабылады. Сәйкесінше, аталған аралықта қатынайтын 3 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4А Жамбыл Жабаев – Труд – Алтынсарин – Ысмайылов және маршрут бойынша;
7 Жамбыл Жабаев – Труд – Алтынсарин – Ысмайылов және маршрут бойынша;
25М бағытындағы автобус: Жамбыл Жабаев – Труд – Алтынсарин – Труд – Ысмайылов және маршрут бойынша қатынайтын болады.
«Құрметті қала тұрғындары! Шілденің 20-сынан бастап Горький көшесінің Ысмайылов пен Труд көшелері аралығындағы учаскесі көлік қозғалысы үшін жабылады. Жұмыс 10 күнге созылады. Уақытша ыңғайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — деп жазды баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды