СҚО-да соңғы өткен жыл мен 2025 жылдың үш айында 560 өрт оқиғасы орын алған. Өкінішке қарай, салдарынан 44 адам көз жұмды. Оның алтауы — бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аталған жаға ұстатарлық статистиканы түп тамырымен жою керек. Сол мақсатта облыстық прокуратура қабырғасында ведомствоаралық кеңес өтті. Алқалы жиында төтеншеліктердің жұмысы сынға алынды. Оның ішінде, тексерістердің сапасыздығы, мерзімдерді бұзу және нұсқамалардың орындалуын бақылаудың жоқтығы жайлы айтылды.

«Егер аталған олқылықтардың орнын толтырсақ, жағымсыз статистика азаяр еді. Әрине, бұл жерде адамдардың да кінәсі бар екенін атап өткен жоқ. Бірақ, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу баршамызға ортақ міндет», -деді кеңеске төрағалық еткен СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Мәселе өте өзекті. Сондықтан, оны шешу мақсатында әр ведомство бірлесе әрекет еткен жөн. Жиын соңында облыстық ТЖД-не аумақтық бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді. Айта кету керек, азаматтық қорғау саласындағы заңдылықты сақтау мәселесі қадағалау орғанының жіті бақылауында. Осы бағыттағы тексеріс жұмыстары барысында маман 10 қадағалау актісін енгізген екен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда былтыр Бірлік ауданында жаңа үй алған 30 отбасы үйсіз қалуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *