СҚО жаңа әкімі болып экс- сенатор Ғауез Нұрмұхамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қыркүйектің 4-нен бастап әкімсіз болған Солтүстік Қазақстан облысына енді Қостанай өңірінің тумасы жетекшілік ететін болады. Әкім болуға екі адамның кандидатурасы ұсынылды. Ол облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев және Ғауез Нұрмұхамбетов.Облыс депутаттары дауыс беру арқылы Ғауез Торсанұлын әкім етіп таңдады. Депутаттардың 118-і экс-сенторға дауыс берді.
Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданың Май ауылында дүниеге келген. Бірінші мамандығы бойынша агроном. Сонымен қатар, экономист мамандығы бойынша да білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнай» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.
1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрь ауданы Уильямс атындағы совхоздың бас агрономы.
1994-1996 жылдары-Қостанай облысы Қостанай ауданы «Московский» совхозының бас агрономы.
1996-1997 жылдары-Қостанай облысы Комсомол ауданы «Боскольское» КП атқарушы директоры.
1997-2002 жылдары-Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2002-2008 жылдары-Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.
2008-2009 жылдары –Қостанай қаласының әкімі.
2009-2011 жылдары — «Содружество» ЖШС директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары-Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.
2012-2014 жылдары-Қостанай қаласының әкімі.
2014-2015 жылдары-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2015-2023 жылдары-Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары
2023 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпорын комитетінің мүшесі.
Мемлекеттік наградалары: «Парасат» ордені және «Ерен еңбегі үшін орден, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «тың 50 жыл» (2005) мерейтойлық медальдарымен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі (2022).
Үйленген, төрт баласы мен немересін тәрбиелеп отыр.
«Аманат» партиясының мүшесі.
Тағы оқыңыз: СҚО төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді