Өңірде интернет-алаяқтық фактілері азайды

Облыс аумағында интернет арқылы жасалатын қылмыстардың саны азайды. Былтыр 214 факті тіркелсе, осы жылы көрсеткіш 182-ні құраған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін полицейлер азаматтармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Кезекті профилактикалық әңгіме Петропавл қаласының №1 гимназиясында өтті. Қалалық ПБ екінші бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов педагогтарға “банктен қоңырау шалатындарға” сенуге болмайтынын еске салды. Өйткені, көп жағдайда киберқылмыскерлер өздерін банк менеджері ретінде таныстырып, арам ойларын іске асырады. Бұлай болған кезде бірден полицейлерге хабар беру керек. Айта кетсек, гимназия мұғалімдерінің бірі алаяқтардың құрығына түсе жаздаған. Бәзбіреу өзін полиция қызметкері ретінде таныстырыпты. Алайда, шикіліктің барын сезген ұстаз шақырту хатын жібермейінше, оған сұрақтар қоймауын талап еткен. Алаяқ болса, Астанада екенін мәлімдеген. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, облыста бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша барлығы 182 интернет-алаяқтық тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде олардың саны 214-ті құраған. Қуантарлық жағдай, киберқылмыстардың саны азайғанын байқауға болады.

Тағы оқыңыз: 60 жасар уәлихандық гір көтеруден Қазақстан чемпионы атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x