[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/rustam1312_01.MP4_snapshot_00.00.503-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Облыс гимнасшылары Алматыда жастар арасында батуттық гимнастикадан өткен ел чемпионаты мен Екатеринбург қаласында ұйымдастырылған халықарылық додадан олжалы оралды. Екі бірдей жарыста өңір намысын 18 спортшы қорғады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Наурыздың 23-ші мен сәуірдің 1-і аралығында өткен жастар арасындағы ел чемпионаты мен Екатеринбургтегі халықаралық додада спортшыларымыз 14 жүлделі орынға ие болған. Оның 6-уы алтын, 2-уі күміс және қалғаны қола медаль.

«Біздің спортшылар жастар арасында өткен батуттық гимнастика чемпионатында жақсы өнер көрсетті. Келесі жолы бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Ал Екатеринбург қаласында өткен халықаралық сайысқа тоқталатын болсақ, ол жерде жарыс спорттың 4 түрі бойынша өтті. Ел намысын қорғауға аттанған біздің жігіттер 2-ші орынды иеленді»,-дейді спорттық акробатикадан облыстық мамандандырылған БЖСМ директоры Ринат Белогонов.

Екатеринбург қаласында өткен байрақты бәсекеге Армения , Беларусь, Ресей, Өзбекістаннан келген 250-ге тарта спортшы қатысқан. Оның ішінде солтүстікқазақстандық Даниал Жеңісов те бар. Даниял бұл спорт түрімен 10 жылдай айналысып келеді.

«Біз Екатеринбург қаласында өткен сайыста жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Әрине , қателіктер болды. Дегенмен жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Алға қойған жоспарларым көп. Оның ең бастысы — келесі жылы Израильде өтетін әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тағыну»,-дейді гимнасшы Даниал Жеңісов.

Қазір өңір гимнасшылары алдағы уақытта өтетін әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтап жатыр.

Тағы оқыңыз:СҚО диқандары дизель отынын 224 теңгеден сатып ала алады

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/rustam1333_01.MP4_snapshot_00.01.156.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x