«Ұлттық қордан» балаларға алғашқы жарна түсті

«Қазақстанда 1-ші қаңтардан бастап «Ұлттық қор — балаларға» жобасы іске қосылды. Ұлттық қорға түсетін инвеститциялық кірістің 50 пайызы еліміздегі барлық 18-ге толмаған балалар арасында теңдей бөлініп отырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Балаларға түскен ақша Ұлттық қор активі құрамында болып, оған инвеститицялық табыс қосылып отырады.

«Ұлттық қор — балаларға» жобасының негізгі мақсаты – жас ұрпақты қолдау және оған тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе ұлттық жинақтар есебінен білім алуға мүмкіндік беру. Балалар жиналған қаражатты оқуға, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады», — деді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің бастығы Ғалия Мұқанова.

Баланы қорға тіркеу үшін құжат жинап, шот ашудың қажеті жоқ. Барлық процесс автоматтандырылған.

«Қордағы ақша бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталатын болады. Одан ерте шешіп алуға болмайды. 18 жасқа толғаннан кейін БЖЗҚ-да мақсатты жинақтау шоты ашылады. Егер бала қайтыс болған жағдайда, сот арқылы шешім шығарылып, ол шешім заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады», — деп қосты Ғалия Мұқанова.

Қазақстаннан көшкен жағдайда Ұлттық қордан қаражат беру тоқтатылады. Балаға қаражаттың түскен, не түспегендігін заңды өкілдер egov.kz.порталындағы жеке кабинетінен көре алады.

Бірінші ақпаннан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлем жасалды. Ол уәде етілгендей 160 доллар емес, 100 долларды құрады.

Алғашқы сомманың былайша қысқарып қалуы еліміздегі бала санына байланысты екен. Белгілі болғандай, алғашқы есептеу кезінде республикамызда шамамен 6,5 миллион бала бар деп алынған. Бірақ, олардың саны 400 мыңға өсті. Сондықтан 695 миллион доллар 6,9 миллион балаға бөлінген.  Әрқайсысына 100,52 доллар шығып отыр. Бастапқыда балалар 18 жыл ішінде 3,5 мың доллар ала алады деп айтылған. Бұл ақша доллармен түседі. Оны тек шешіп алғаннан кейін ғана теңгеге айырбастауға болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да еңбек ардагері Иван Куропаткин өмірден өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x