«Қызылжар су» ЖШС су тасқынына дайындалып жатыр

Петропавл қаласын сумен қамтып отырған «Қызылжар су» ЖШС тасқын суға қарсы жұмыстарды жандандырды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

2017 жылғы көктемде арнасынан шыққан Есіл өзенінің суы кәсіпорнының аумағына кірген болатын. Сол кезде «Қызылжар су» ЖШС мамандары бірден инертті материалдарды пайдаланып, бөгет жасаған болатын. Биыл енді сол бөгетті тағы 1-1,5 метрге биіктетіп жатыр. Бұл жұмыстарды кәсіпорын өз күшімен атқаруда. Тек қажетті материалдарды жергілікті атқарушы билік органдары жеткізіп жатыр. Бөгеттің ұзындығы — 400 метр.

«Бұл алдымен қала тұрғындарын үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қажет. Мекеме аумағында екі станция орналасқан. Оның біріншісінде Есіл өзенінен су келеді де, ол тазаланып, екінші станцияға жіберіледі. Ол өз кезегінде қалаға су таратып отырады. Біз су тасқынына қарсы жұмыстарды бүгін аяқтаймыз, деп жоспарлап отырмыз», — деді «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры Арман Сауытов.

Тағы оқыңыз: Еңбек министрілігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x