Қозыбаев университетінде 1000 студент тегін білім алады

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақтан университетіне 1000 студент грантқа оқуға түсті. Жастардың тең жартысы халықаралық бағдарлама бойынша тегін білім алмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Қозыбаев университеті Аризонамен бірлесіп 11 білім беру бағдарламасын әзірлеген. Соның 3-уі бойыныша жастар ағылшын тілінде білім алып, қос дипломға ие болады.

«Қосдипломдық бағдарлама бойынша 150 студент оқуға түсті. Биыл бізге Алматы, Астана қалаларынан,  Маңғыстау облысынан және басқа да оңтүстік өңірлерден студенттер келеді. Олар халықаралық бағдарлама бойынша берілетін квотамен білім алмақ.   Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға, жетімдер мен мүгедектерге қарастырылған квоталар бар. Ауылдық квота бойынша студенттердің 20 пайызы оқуға түскен болатын», — дейді Қозыбаев университеті қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.

Айта кетерлігі, грантқа түскен студенттер оқу аяқталған соң, міндетті  түрде  жұмысқа орналасып, шығынды өтеуі тиіс. Ауылдық квотамен түскен студенттер ауылды жерлерде ғана емес, қалада да жұмыс істей алады. Ал, басқа өңірлерден келгендер осында қалып, еңбек етуі тиіс.

Жалпы ЖОО-ға 2000 грант бөлінген. Биыл талапкерлерге құжат тапсыру ыңғайлы болу үшін қосымша 4 қабылдау пунктері ұйымдастырылған. Олар облыс орталығынан шалғайда жатқан аудандарда ұйымдастырылды. Яғни, олар Петропавлға келмей-ақ құжат тапсыру мүмкіндігіне ие болды.  

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданындағы Аққұсақ қонысы киелі жерлердің картасына енгізілуі мүмкін

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x