Қазақстанда автомектептердің жұмысына өзгерістер енгізіледі. Ол жүргізушілерді оқыту курстарына қатысты болмақ, деп жазады Qazaqstan Media.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев автомектептердегі өзгерістерге тоқталды. Енді елімізде жүргізушінің өз бетінше даярлаудан өтуі және онлайн оқыту деген болмайды.
«Автомектептер мен курсанттарды тіркеу ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады. Бұл курстарды бітіргені туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды бұрмалау мүмкіндігін жояды», — деді Қайсар Сұлтанбаев.
Сондай-ақ жүргізуші курсын бітіргені туралы сертификат толығымен электрон форматқа ауыстырылады. Министрлік автомектептерді лицензиялау тәртібін де қайта қарауды жоспарлап отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 19 жастағы жігіт пеш жағамын деп күйіп қалды