Елімізде тегін телефон нөмірлер тізіміне 111 нөмірі қосылады. Оған отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабарласуға болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бірыңғай байланыс орталығы туралы қаулының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Үкіметтің «байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізуді ұсынды. Құжатқа сәйкес, тегін нөмірлер тізбесіне «111 Аманат» байланыс орталығы қосылады. Осы телефон нөмірі арқылы ел тұрғындары психологиялық көмек, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша кеңес ала алады.
«Жобаның мақсаты ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету, сондай – ақ азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер бойынша алғашқы консультациялар өткізу үшін әрбір азаматқа тегін қосылу байланыс қызметтерін ұсыну болып табылады», — делінген түсіндірме жазбада.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғаны туралы жазған болатынбыз. Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейтіледі
Тағы оқыңыз: «Солтүстік» ӘКК» АҚ он баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен