Қазақстанда 655 жаңа медициналық мекеме салынады

Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді. Оның аясында 2023-2024 жылдары 655 медициналық мекеме салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Үкіметтің мәліметінше, жаңа нысандардың ішінде 257 медициналық пункт, 238 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар.

«Бүгінгі таңда 99 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жүріп жатыр, барлығы биыл тапсырылмақ. 2024-2025 жылдары инсульт және кардиология орталықтары, травматологиялық және ортопедиялық бөлімшелері бар, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған 32 көпсалалы орталық аудандық аурухана жаңғыртылатын болады», — деп жазылған Үкімет таратқан ақпаратта.

Көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін жалпы сомасы 46 млрд теңгеге мыңға жуық медициналық техника сатып алу жоспарланған. Олардың қатарында компьютерлік томография аппараттарынан бастап өкпені жасанды желдету аппараттарына дейін түрлі жабдықтар бар.

Сонымен қатар, кадр дайындау жағы да қолға алынады. Алдағы екі жыл ішінде еліміздің медициналық колледждері мен жоғары оқу орындарында 14 000-нан астам медбике, 10 000 фельдшер, 957 акушер және 7 000 жалпы практика дәрігерін даярлау жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Президент 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x