Биыл еріктілік қызмет пен қайырымдылықты қолдау нормасы алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді. Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Дариға Смаилова бұл жаңашылдыққа дән риза, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Еріктілік қызметті қолдау нормасы Ата заңның 31-бабының екінші тармағында көрініс тапқан. Жаңашылдық волонтерлердің құқықтық мәртебесін нығайтып, қоғамдағы маңызын арттыра түсті. Мұндай пікірді ерікті Дариға Смаилова білдірді. Ол бес жылға жуық уақыттан бері қайырымды істердің бел ортасында жүр.
«Достарымен бірге көмекке мұқтаж қарттарға қолдау көрсетіп, экологиялық акцияларға да белсенді қатысамыз. Еріктілік қызметтің Конституцияда бекітілуі – қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген құрмет», — деді спикер.
Дариға Өмірқызы еріктілік қызметтің Конституцияға енгізілуін маңызды қадам деп санайды. Өйткені бұл бастама игі істерді қолдап, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында 8,5 миллиард теңгеге аурухана салынады

