Петропавлда Республика күніне орай «Менің Республикам – менің мақтанышым!» атты квест-викторина ұйымдастырылды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен сайыста қатысушылар ел тарихы, заңнама және мемлекеттік саясат бойынша білімдерін сынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Зияткерлік сайысқа құқық қорғау және кітапхана мамандарынан құралған төрт команда қатысты. Әрқайсысында төрт адамнан бар.

Петропавлда Республика күніне арналған зияткерлік сайыс өтті
Петропавлда Республика күніне арналған зияткерлік сайыс өтті

«Мұндай викториналар әр сала мамандарының білімін сынап, жастармен бір алаңда бас қосуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылар еліміздің тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін ортаға салып, тәжірибе алмасады», – Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Сайыс барысында командалар сұрақтардың тақырыбы мен күрделілік деңгейін өздері таңдады. Күрделі тапсырмаларға жоғары, жеңіл сұрақтарға төмен ұпай берілді. Әр сұраққа жауап дайындауға бір минут уақыт бөлінді. Осылайша қатысушылардың білімімен қатар, жылдамдығы мен командалық үйлесімі де сыналды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша Петропавлда 150-ге жуық іс-шара өткізілген.

Тағы оқыңыз: 2027 жылы Ораза айт тоғызыншы наурызда, Құрбан айт 16 мамырда басталады

Поделиться:

Shares