Қазақстандық бидай, сиыр және қой еті Камбоджада сатылуы мүмкін.  Бұл мәселе ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Камбоджа Корольдігінің ауыл шаруашылығы министрі Дит Тинаның кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстан тарапы ең алдымен астық экспортын арттыруды көздеп отыр. Соңғы екі жыл қатарынан елімізде 27 миллион тоннадан астам астық жиналды. Ал өткен жылы экспорт көлемі 15,3 миллион тоннаға жетіп, 70 пайызға өскен. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстанның бидайы мен еті Камбоджада сатылатын болады
Қазақстанның бидайы мен еті Камбоджада сатылатын болады

Енді Қазақстан Камбоджаға бидай, сиыр және қой етін, оның ішінде халал өнімдерді жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өз кезегінде Камбоджа тарапы қазақстандық алма мен ет импортын ұлғайтуға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ тараптар балық шаруашылығы, өнім өңдеу және инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Екі ел арасындағы сауданы дамыту үшін арнайы жұмыс тобын құру ұсынылды. Ол өнім жеткізу шарттарын келісіп, өндірушілер мен сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатумен айналыспақ.

Әзірге экспорт көлемі мен жеткізу мерзімі нақтыланған жоқ. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты меморандуммен бекітуді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Назгүл Маратова — халықаралық турнирдің жеңімпазы

Поделиться:

Shares