Облыста 100-ден астам адам ағза донорын күтіп отыр. Оның 87-сі бүйрек трансплантациясына мұқтаж, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «MTRK» телеарнасына сілтеме жасап.
Елде 400-ге жуық адам донор таппай жыл сайын қайтыс болады.
«Ал мәйіттік трансплантацияны дамытатын болсақ, қаншама науқастың өмірін құтқарып қалуға болады», — дейді мамандар.
Биыл өңірде бір отбасы жақынының мүшесін өзгеге беруге келісімін берді. Сонымен қатар, тұрғындар емханаларға келіп немесе «EGov» порталы арқылы өз еркімен донор бола алады.
Трансплантация – әлемдік тәжірибе. Қазір дамыған мемлекеттер осы тәсіл арқылы науқастарды аяққа тұрғызуда. Мамандардың айтуынша бір донор 4 адамның өмірін құтқара алады екен.
«Елімізде 12 мың адам “Egov” порталы арқылы донор болуға келісімін берген. Оның 400-і – теріскейлік. Бірақ, біз бәрібір де туыстарының рұқсатын алуға міндеттіміз. Сонымен қатар, өңірде 2500 адам ресми түрде өз мүшесін өзгеге беруден бас тартыпты. Айта кету керек, аймақта ағза транплантациясы бойынша операция істелмейді. Мұндай оталар тек Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында жасалады», — деді өңірлік трансплантациялау координаторы Әділхан Қабдуов.
Тағыи оқыңыз: Қазақстанда кейбір мамандықтар жойылып кетуі мүмкін

