Жыл басынан облыста 400-ден астам интернет алаяқтық фактісі тіркелді. Олардың арасында жастар да бар. Келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында Петропавлда шара өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда жастарға арналған киберқауіпсіздікке бағытталған шара өтті. Қазіргі таңда ұл-қыздар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жиі қолданады. Пайдаға жаратады, керектіні сұрайды. Бірақ, бұның екінші жағын да ұмытпаған жөн. Интернет алаяқтар қалай екені белгісіз, адамдардың жеке дерегіне қол жеткізіп, миллиондап шығын келтіруде.

«Қазіргі уақытта студенттер шәкіртақы алу үшін арнайы банк карталарын ашады. Тиісінше, алаяқтар жеке дерекке қол жеткізуі мүмкін. Атыңызға заңсыз несие рәсімделуі да ғажап емес. Бүгінгі шарада жастарға келеңсіз жайттардан сақтану жолдарын түсіндіреміз», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айсұлу Бекімова.

Жыл басынан бері жастар ресурстық орталығының қызметкерлері аталған тақырып аясында 200-ден астам іс-шара өткізген.

 «Тағылымы мол жиындарды көптеп өткізсек, қулардың арбауына түсетін жандардың саны азаяды», — дейді мамандар. Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 400-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген.

Тағы оқыңыз: С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Қостанайға гастрольдік сапармен барады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *