Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 74 медальмен қорытындылады. Ұлттық құрама қоржынына 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Биылғы додаға әлемнің 113 елінен үш мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстандықтар ұлттық спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, жүлделі орындардан көрінді. Дәлірек айтсақ, жалпы командалық есепте топ жарды.
Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 74 медальмен қорытындылады. Ұлттық құрама қоржынына 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде түсті Жалпыкомандалық есепте Қырғызстан 30 алтын медальмен екінші орынға жайғасты. Ал жеті алтын жүлде еншілеген Ресей құрамасы үшінші орын алды.
«Қазақстан спортшылары аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату және ат жарысы сынды спорт түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан табылды», — деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavldaghy-qarttar-uejinde-qajyrymdylyq-koncerti-oetti/

