Петропавлдық «Қуаныш» волейбол клубының екі өкілі Жапонияда өтетін Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғайды. Маргарита Бельченко ұлттық құрамаға ойыншы ретінде енсе, Сергей Шмелёв команда штабына статистика бойынша жаттықтырушы ретінде қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлдық «Қуаныш» волейбол клубының екі өкілі Жапонияда өтетін Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғайды. Маргарита Бельченко ұлттық құрамаға ойыншы ретінде енсе, Сергей Шмелёв команда штабына статистика бойынша жаттықтырушы ретінде қосылды. Азия ойындары 16-22 қыркүйек аралығында Жапонияда өтеді.

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында сынға түседі. Топтық кезеңде отандастарымыз Қытай және Филиппин құрамаларымен кездеседі.

«Қуаныш» клубының қос өкілінің Қазақстан құрамасына шақырылуы – өңір спорты үшін маңызды жаңалық. Бұл петропавлдық волейболшылар мен мамандардың республикалық деңгейде де сұранысқа ие екенін көрсетеді», — деп жазды СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі жаңа жол бақылау камерасы іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *