Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауына қызығушылық жоғары. Бұл туралы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева айтты, деп жазады Qazaqstan Media.
Оның сөзінше, бүгінде жаңа заң шығарушы органға қатысуға ниетті азаматтардың белсенділігі байқалады. Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясында 145 депутаттық орынға 54о-тан кандидат тіркелген.
«Қазіргі уақытта барлық қазақстандықтар Құрылтайға қатысамын деген белсенділіктерін білдіріп жатыр. Біздің жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай енді бес жылға сайланады. Қазір Орталық сайлау комиссиясында 145 орынға 540-тан аса кандидат тіркелді. Бұл – нағыз халықтың заң шығарушы органы болады деп ойлаймын. Ежелден біздің елде Құрылтай ең маңызды шешім қабылдайтын институт болған. Енді ол заңнамалық бастамалар ұсынатын органға айналып отыр. Барша азаматтар жаңа Қазақстан, жаңа құқықтық мәдениет үшін дауыс береді деп сенемін», – деді Гүлбахша Мұсабаева.
Оның пікірінше, Құрылтай елдегі құқық үстемдігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан алдағы сайлауда әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстаным танытуы маңызды.
Тағы оқыңыз: «КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

