Биылғы жылдың алғашқы алты айында облыста алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты 7 қылмыстық іс, ал сот шешімін орындамағандарға қатысты 4 қылмыстық іс сотқа жолданған. Петропавлда  полиция қызметкерлері, судьялар, прокурорлар және әділет органдарының өкілдері мен жеке сот орындаушылары алимент төлеуден жалтару және сот шешімдерін орындамау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qazaastan Media.

Жиында Қылмыстық кодекстің 139-бабы (алимент төлеуден жалтару) және 430-бабы (сот шешімін орындамау) бойынша қылмыстық істердің тергелуі, сотқа жолдануы және ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл қаралды.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында облыста алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты 7 қылмыстық іс, ал сот шешімін орындамағандарға қатысты 4 қылмыстық іс сотқа жолданған. Сонымен қатар, 20 шілдедегі жағдай бойынша полиция өндірісінде алиментке қатысты 5, ал сот шешімдерін орындамауға байланысты 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Кеңесте борышкерлерді заң талаптары туралы уақытылы хабардар ету, сот орындаушылары әзірлейтін материалдардың сапасын арттыру және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда пробация есебіндегі 145 адамға рақымшылық жасалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *