Уәлиханов ауданы өңірімізде алғашқылардың бірі болып орақ науқанын аяқтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан басшысы Мұрат Абдулов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд 660 млн теңгеден асты. Нақты көлем индексі 116 пайызды құрайды. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артқан.

Биыл аудан диқандары жемісті еңбек етті. Барлығы 207 мың 600 гектар алқапқа дән сіңірді. Оның 126 мың 600-ы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға, 46 мың 800 гектары — майлы дақылдарға арналған.

Жоғары өнім алу мақсатында барлық қажетті агротехникалық шаралар уақытылы атқарылды. Атап айтқанда, 115 мың гектарға зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу себілді. 18 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш сатып алынды», — деді аудан әкімі Мұрат Абдулов. Сонымен қатар, бір млрд теңгеге 178 жаңа техника сатып алынған. Атқарылған жұмыстар өз жемісін берді. Аталған аймақтың диқандары биыл мол көлемде өнім алды.

Уәлиханов ауданында орақ науқаны аяқталды
Уәлиханов ауданында орақ науқаны аяқталды

«Бүгінгі таңда егін жинау жұмыстары толық аяқталды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 126 мың гектар алқаптан жиналып, жалпы өнім көлемі 186 мың тонна өнім алдық. Орташа өнімділік гектарына 14,7 центнерді құрайды. Майлы дақылдар 46 мың гектар алқаптан 37 мың тонна өнім алынды, берекелік гектарына 8 центнерді көрсетті», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: Ғ.Мүсірепов ауданында жылу тарифі төмендеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *