Петропавлдағы Пушкин және Прежевальский көшелерінің бойында тұрған үйлердің тұрғындары облыс әкімінен көмек сұрап келді. Айтуларынша, үй сыртындағы жар жыл сайын опырылып, баспаналарына жақындап қалған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ғауез Нұрмұхамбетовтың жеке қабылдауына Сергей мен Галина Чернышовтар арнайы келген. Олар баспаналары жарға құлап, өздері үйінді астында қаламыз ба деп қорқады. Себебі, үйлері Пушкин мен Преживальский көшелеріні қиылысында жар жиегінде тұр.

«Біз бұл мәселемен қалалық әкімдікке бардық Жар жыл сайын опырылып, үйге жақындап қалды. Қабырғалар ақырындап сыр беріп жатыр. Бір күні қиранды астында қаламыз ба деп қорқамыз. Өзіміз үйге құрылыс жасап, үйжапсар салайық десек, құрылыс жасыл аймаққа өтейін деп тұр. Бізге жарды бекітіп берсеңіздер, деген өтінішпен келдік»,-дейді Галина Чернышева.

Тұрғынның айтуынша, мұндай қауіпті жерде тұрған тағы бірнеше баспана бар екен. Облыс әкімі қала басшылығына мән-жайды нақтылап, жағдаймен танысуға тапсырма берді. Өз кезегінде қала басшысы Серік Мұхамедиев, қазір жарды бекіту жұмыстары бағаланып жатқанын айтты.

«Жыл соңына дейін бағалау жұмыстарының нәтижесін айтыңыз. Мүмін тұрғындарға басқа баспана беріп, көшірген тиімді болатын шығар. Мәселені жан-жақты саралап, зерттейік»,-деді өңір жетекшісі.

Жеке қабылдауға келген азаматтар басқа «баспанаға көшуге қарсы емес» екендерін жеткізді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан ауыр жүк көліктеріне 87 млн теңге айыппұл салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *