Петропавл тұрғыны үйінде екпе алғаннан кейін жамбас аймағы ісініп, қатты ауырсыну пайда болған. Кейін дәрігерлер инъекция орнында іріңдеген қабыну — флегмона анықтаған, деп жазады Qazaqstan Media.
Қалалық көпбейінді ауруханаға жамбасы ісіп, ауырсынумен келген әйелдің айтуынша, ол жарты жыл бұрын үйінде ем қабылдап, екпе алған. Сол кезде укол салған орында кішкентай томпайған жер пайда болыпты, бірақ әйел оған мән бермеген.
Алайда бір апта бұрын ауырсыну күшейіп, терісі қызарып, әлсіздік сезіле бастаған. Пациент әуелі өздігінен емделуге тырысып, жақпамай жағып, компресс жасаған. Ауруы асқынған соң ғана дәрігерге жүгініпті.
«Қарап-тексеру кезінде жамбас аймағынан флегмона анықталды. Хирургтар іріңді ошақты ашып, жуып, дренаж орнатты — шамамен 30 мл ірің шықты», — деп хабарлады медициналық мекеме мамандары.
Дәрігерлер үй жағдайында инъекция жасаудың өте қауіпті екенін ескертеді. Екпені тек медицина қызметкері салуы тиіс. Сонымен қатар ауырсынатын немесе бұрыннан томпайып тұрған жерге укол қоюға болмайды, дейді мамандар.
Тағы оқыңыз: «Қуаныш» ВК мен «Құлагер» ХК жарқын жеңіске жетті

