Сауд Арабияда Ислам ынтымақтастығы ойындары өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде солтүстікқазақстандық палуан күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Грек-рим күресінің шебері дүбірлі додада үш белдесу өткізді. Ширек финалда Тәжікстан палуанынан басым түсті. Ал жартылай финалда алжирліктің жауырының жер иіскетті.

Ақтық сында басты фаворит ирандық спортшыға есе жіберді. Ислам жеңіске сынық сүйем ғана жетпей қалды. Осылайша, жарыстың вице-чемпионы атанды.

Тағы оқыңыз: «Qyzyljar» АЭА аясында 900-ге жуық солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *